«Оның бұйрығында ешқандай арам ниет болған жоқ, ол жай ғана бейбіт тұрғындардың артық шығынға ұшырауын қаламады. Себебі бұл бөлім қаланың орталығында еді. Сонымен қатар шабуылдаушылардың алдын ала дайындалғанын ешкім білген жоқ», - дейді Сүлейменовтың қарамағындағылар.Олардың айтуынша, бүлікшілер өздерімен алдын ала «болгаркаларды» алып келгенін, олардың көмегімен қару-жарақ бөлмесінің темір есіктерін ашқандарын айтады. Ал полицейлердің арсеналы қаскүнемдердің қолына түскен. Бүгін, 11 қаңтар күні Таразда халық Жанат Сүлейменовпен қоштасты. Жергілікті полиция қызметі алдындағы парад алаңында ПД жеке құрамы генералға соңғы құрмет көрсетті. Оның денесі Қазақстанның астанасына жеткізіледі. Сүлейменовты өз бұйрығы үшін трибунал қорқытты ма, ешкім білмейді. Бірақ әріптестері оның нағыз офицер сияқты әрекет етіп, болған оқиғаға жауапкершілікті өз мойнына алғанын алға тартады. Айта кетейік, генерал Жанат Сүлейменов 2020 жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған болатын.
Исламбек Дастан