KZNews.kz
Общество

Өгей балаларын құлдыққа салған азаматтың ісі сотқа жіберілді

Ayzhan Sylanova
Коллаж: alash.kz

Алайда жәбірленуші балалардың туыстарының айтуынша, күдікті Ұзақбай Тұрбаев сот шешімімен үйқамаққа жіберілген. Балалардың нағашы әпкесі бұл шешімге қарсы екенін айтып, наразылық білдірді.

«Жамбыл облысының соты бізге хабарламай, күдіктіні үйқамаққа босатып жіберген. Заң бойынша ол екі ай қамауда отыруы керек еді. Қазір балалар қорқып, мазасызданып жүр. Құзырлы органдар нақты жауап бермей отыр, барлығы “адвокаты мықты” дейді. Сонда әділдік қайда? Президент пен министрлікке үндеу жолдаймын», — деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін полиция күдіктіні қамауға алғанын хабарлаған болатын. Қатыгездік көрген балалар Тараздағы Балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Оларға психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Ішкі істер министрлігі бұл істің ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары