KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты

• Қайсар Қанат
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: nazarbayev.kz

Бұл туралы Назарбаевтың ресми сайтында хабарланды.

"Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Тұңғыш президент орны толмас қайғыға ортақтасып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты", – делінген хабарламада.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы оқиға болған еді.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →