KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Нұрсұлтан Құрман қызметінен кететінін мәлімдеді

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Бүгін мен үшін маңызды кезеңдердің бірі аяқталып отыр. Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметіндегі жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл қызмет мен үшін үлкен жауапкершілікпен қатар, мол тәжірибе мен ерекше естеліктерге толы кезең болды», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Құрман отандық футзалдың дамуына үлес қосқан әріптестеріне, клуб басшыларына, бапкерлерге, спортшылар мен жанкүйерлерге алғыс айтты. Бұдан бөлек, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Талғатұлына сенімі мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →