"Нұрмұқасан" тобының төңірегінде шыққан дау күн өткен сайын өршіп барады. Жақында топқа жаңадан қосылған әнші Ғалымжан өзіне бұрынғы топ мүшесі Мұқасан Шахзадаевтың қол көтергенін айтып, басынан өткен жағдайды жария етті. Бұл ақпаратты блогер Жан Ахмадиев бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Желі қолданушыларының пікіріне қарағанда, даудың негізгі себебі – топ репертуарындағы әндер мен стильге қатысты қызғаныш. Көпшілік Мұқасанның топтағы жаңа дуэтке және Ғалымжанның Нұрланмен оңтайлы сәйкесуіне көңілі толмағанын жазуда.
Тіпті кей пікірлерде: "Мұқасан қызғанып ұрған ғой", "Әндер Мұқасанның еңбегі, дайын дүниені басқа орындағанға шамданған", "Нұрлан мен Ғалымжан жақсы жұп болды, Мұқасансыз да топ жүре береді", – деген пікірлер өріп жүр.