Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметке таныстырылды

Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметке таныстырылды
Бейнеден алынған кадр

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов министрлер кабинетінің мүшелеріне премьер-министрдің жаңа бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты таныстырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Отырысты ашқан Бектенов Үкімет пен Президент Әкімшілігіндегі кадрлық өзгерістерді атап өтті.

"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Үкімет атынан Роман Васильевичке Үкімет құрамындағы бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа жауапты қызметінде сәттілік тілеймін", - деді премьер-министр.

Сондай-ақ ол Нұрлыбек Нәлібаевтың премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалғанын еске салды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Нұрлыбек Машбекұлы, сізге сәттілік тілеймін! Мемлекет басшысының сенімін толық ақтайтыныңызға сенімдімін", - деп толықтырды Бектенов.

Еске салайық, 6 мамырда Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.