«Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевке адамға қол көтерді деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты алғашқы болып қоғам белсендісі Жан Ахмадиев жариялады. Оның айтуынша, дау-дамай топтың әндерін рұқсатсыз орындаудан басталып, оқиға 20 қараша күні төбелеске ұласқан, деп хабарлайды kznews.kz.
Зардап шеккен Ғалымжан Сүлеймен – топтың жаңа мүшесі. Ол соққыға жығылғаны туралы полицияға шағым түсірген. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Әлеуметтік желілерде Ғалымжан мен топтың жаңарған құрамына қатысты видеолар кең таралып, қолданушылардың арасында түрлі пікір туындады. Көпшілігі Мұқасан Шахзадаевтың кезінде топтағы Нұрланғада ыңғайсыздық тудырғанын айтып, бұрыннан келе жатқан түсініспеушіліктердің болғанын жазуда.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: «Мұқасан бұрын осы Нұрланға күн бермеген», «Іші күйіп жүрген сияқты, іштарлық жаман ғой», «Енді түсінікті болды, не үшін ұрғаны, «Супер! Топқа жаңа сән кіріпті, «Ғалымжан, абайла, Мұқасан келіп қалмасын».
Сонымен бірге көптеген тыңдарман топтың жаңарған құрамына сәттілік тілеп, шығармашылығына қолдау білдіруде.