Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрлан Сабыров ерлердің жыныстық мүшесін үлкейту бизнесімен айналыспақ

Нұрлан Сабыров ерлердің жыныстық мүшесін үлкейту бизнесімен айналыспақ
Ашық дереккөзден

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабыровтың Дубайда ерлер денсаулығына арналған медициналық бизнеске қатысуы мүмкін екенін хабарлады, деп жазды kznews.kz.

Ресейлік Telegram-арналарда Сабыров урологиялық қызметтер көрсететін медициналық орталық жобасына қатысы болуы ықтимал деген ақпарат тараған. Онда ерлер денсаулығына бағытталған қызметтер ұсынылатыны айтылған.

Жарияланған деректерге сәйкес, әзілкеш аталған орталықтың қызметімен жеке танысып, Алматыдағы филиалда толық урологиялық тексеруден өткен болуы мүмкін. Сондай-ақ ол Дубайда ашылуы жоспарланған филиалдың өкілі ретінде қарастырылып отырғаны айтылады.

Клиникада урологиялық операциялар, дәрігерлік кеңестер және психологиялық қолдау қызметтері қарастырылған. Атап айтқанда, орталықта уролог, сексолог және психолог мамандар қабылдау жүргізеді.

БАҚ мәліметінше, кейбір медициналық процедуралардың құны ондаған мың рубль көлемінде бағалануы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіруге қатысты шектеу қойылғаны хабарланған еді. Сарапшылар бұл шешім қайта қаралуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, алайда оның толық күшін жою екіталай екенін айтады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.