Бадықова тағы тұрмысқа шығып жатыр: желіде сырға салу рәсімінің видеосы тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрлан Нығматулин Алматыдағы дүбірлі тойда бой көрсетті

Нұрлан Нығматулин Алматыдағы дүбірлі тойда бой көрсетті
фото: ашық дереккөз

11 қазанда Алматыда белгілі актер әрі режиссер Досхан Жолжақсыновтың 75 жас мерейтойы дүркіреп өтті. Өнер иесінің қуанышын бөлісуге мәдениет қайраткерлерімен қатар, кезінде жоғары мемлекеттік қызмет атқарған бірқатар танымал тұлға жиналған.

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин Алматыда өткен Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың 75 жас мерейтойына қатысты. Көптен бері көпшілік алдына шыға бермейтін экс-шенеуніктің тойдағы видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды kznews.kz

Желіде тараған видеолардан қонақтар арасында Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулинді байқауға болады.

Сондай-ақ мерейтойға бұрынғы мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Сенаттың экс-депутаты Қуаныш Сұлтанов, президенттің бұрынғы көмекшісі Тамара Дүйсенова және Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталов қатысқан.

Ал тойдағы алғашқы құттықтау сөзді Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетов сөйлеген.

Нұрлан Нығматулиннің мерекелік жиында көрінуі желі қолданушыларының назарын аударды. Өйткені бұған дейін бірқатар БАҚ оның 2022 жылдың басында қызметінен кеткен соң Қазақстаннан тыс жерге қоныс аударғанын жазған еді.

Айта кетейік, Нығматулин мен мерейтой иесінің арасында туыстық байланыс бар. Досхан Жолжақсыновтың ұлы Біржан экс-спикердің жиеніне үйленген.

Нұрлан Нығматулин әр жылдары Мәжіліс төрағасы қызметін атқарды. Ол бұл лауазымға 2012 жылғы 20 қаңтарда, 2016 жылғы 22 маусымда және 2021 жылғы 15 қаңтарда сайланған.

Еске салайық, бұған дейін Мәжілістің экс-спикерінің бауыры Ерлан Нығматулин Екібастұзда 92 миллиард теңгеге зауыт ашқаны хабарланған еді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.