"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрғали Нүсіпжанов жас әйелімен фотосессия жасады

Нұрғали Нүсіпжанов жас әйелімен фотосессия жасады

ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов жеке парақшасында әйелімен бірге ерекше фото-видеоларын көрсетті. Бұл туралы ақпарат Kznews.kz агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, әнші өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешке үйленген еді. 

“Творчествалық процесс сан-саланы қамтиды. Халық перзенті болғаннан кейін тың туындылар тудыру, талмай еңбек ету – ел-жұрт алдындағы перзенттік парызым. "Сұңқар" фотостудиясының қыз жігіттері маған сый-құрмет көрсетіп, әр түрлі киім үлгілерін ұсынып, керемет фотосессия жасады. Ұжым жетекшісі Мұрат бауырыма, ұлттық костюмдерін ұсынған Бақыт қарындасыма, фотогроф қызым Айданаға "жүз жасаңдар, айналайындар" деген ақ жарма бата-тілегімді бердім, ақ маңдайларынан сүйдім", – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.

Еске салайық, Роза Әлқожа халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың бала асырап алғысы келетінін айтқан еді.

“Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы – ұлды болу. Ұрпағының жалғасын көргісі келеді екен. Жас жеңгеміз де ЭКО-ның бар ғаламатын көріп баққан, болмапты. Ендігі бар үміті – бала асырап алып, ағаның атына жаздыру. Баладай мәпелеп күтіп жүрген бұрынғы журналисті де аядым. Нұрғали Нүсіпжанов әлеміне бойлап, жазу-сызуын да ұмытыпты. Қайтпек керек?! Алла маңдайға берген болса бәрі де болар”, – деген еді әнші. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.