Бұған дейін әлеуметтік желіде "көкем зорлады" деп ашық мәлімдеме жасап, көпшіліктің назарын аударған Нұрғали Нұғман енді бұл тақырыпты қайта талқылағысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның сөзінше, жеке басынан өткен ауыр жағдайды көпшілікке жария ету оңай болмаған. Нұрғали бұл туралы айту арқылы ұзақ уақыт бойы іште жиналған ауыр сезімнен арылғысы келгенін жеткізді.
"Мен енді жан жарамды қайта қозғап, өткенді қайта ақтарғым келмейді. Өткен дүние өтті", – деп жазды ол.
Айта кетейік, Нұрғали Нұғман бұған дейін жақынынан зорлық көргенін айтып, оқиға «Балапан» телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезеңде болғанын мәлімдеген еді. Алайда кейін бұл сөздері арна ұжымы туралы қате түсінік қалыптастырғанын айтып, кешірім сұрады.