KZNEWS.KZ
Спорт

Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының финалына шықты

• Айжан Сыланова
Фото:Olympic.kz

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды, деп хабарлайды kznews.kz.

85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері жартылай финалда жергілікті боксшы Бариахаан Доржбен қолғап түйістірді. Жекпе-жек басталысымен-ақ Оралбай айқын басымдық танытып, бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Одан кейін де қазақстандық спортшы рингтегі бақылауды толық өз қолында ұстап, шабуылда белсенді болды. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен (30-24, 30-24, 30-26, 30-24, 30-26) оның жеңісін тіркеді.

Осылайша, Нұрбек Оралбай турнирдің финалына өтіп, алтын жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →