Нұр-Сұлтан полициясы астана орталығында ірі жол-көлік апаты болғанын хабарлады. Бір уақытта төрт бірдей көлік соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы 2021 жылдың 15 қаңтарында болды. Құқық қорғаушылар мәліметінше, "Ваз 2106" рөлді басқара алмай алдымен Daewoo Nexia көлігімен соқтағысқан. Артынша ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota көлігімен соқтығысады.
Осыдан кейін инерция салдарынан "Ваз 2106" және Toyota автокөліктері Лада 21 726 көлігіне қарай ұшып кетеді.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан "ВАЗ 2106" автокөлігінде отырған 28 жастағы жолаушы түрлі жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды», — деді полицейлер желідегі парақшасында.
Аталған фактіге сәйкес, оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр.
#Жол көлік оқиғасы
#жол көлік оқиғасы кезіндегі қауіпсіздік ережелері
#жол көлік оқиғасы кезіндегі алғашқы көмек
#жол көлік оқиғасы деген не
#жол көлік оқиғасының алдын алу
#жол көлік оқиғасы туралы заң
#жол көлік оқиғасының себептері
#жол көлік оқиғасы орын алды
#жол көлік оқиғасын сараптау
#жол көлік оқиғасы фото
#нұр-сұлтан полиция департаменті