Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Нұр-Сұлтан, Қазақстан!" Шымкент әкімі елорданың жаңа атауын қолдап, халыққа ұран тастады

"Нұр-Сұлтан, Қазақстан!" Шымкент әкімі елорданың жаңа атауын қолдап, халыққа ұран тастады

Қалада 20 мыңнан астам көрермен "Нұр-Сұлтан, Қазақстан!" деп дауыстап, қолдау білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз - Sputnik. Шымкенттіктер еліміздің бас қаласын Нұр-Сұлтан деп атауды қолдады, деп хабарлайды жергілікті Отырар басылымы.

Шымкентте өткен халықаралық Ashyk aspan фестивалінде тұрғындарды мерекемен құттықтаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен көпке танымал рэп орындаушы Nazimа елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды қолдайтындарын мәлімдеген.

Олардың үндеуін іліп алып кеткен 20 мыңнан астам көрермен "Нұр-Сұлтан, Қазақстан!" деп ұрандата жөнелді.

Фестиваль танымал әнші Nazima-ның концертімен аяқталды. Ұйымдастырушылар Шымкенттің аспанын жап-жарық еткен мерекелік отшашу сыйлады.


sputniknews.kz
Автор
Арман