Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны 64-ке жетті: Нұр-Сұлтан қаласы – 31, Алматы қаласы – 28, Алматы облысы - 1, Ақтөбе облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы - 1, Павлодар облысы - 1 адам аурудан толығымен жазылды.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 800-ден асып отыр.
stan.kz