“Оқиға орнына әкім жетті”: Атырауда тұрғын үйде лифт құлап, адамдар ауруханаға түсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Елде үш өңір коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді.

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 16 қаңтар күні «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді. «Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта. Еске салайық, кеше елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты. Оған сәйкес, қалада карантин талаптары қайта күшейтілді. Демалыс күндері ойын-сауық мекемелері жұмысын тоқтатады.

Сондай-ақ сенбі-жексенбіде қоғамдық көлік қатынамайды. Бұдан бөлек, православ христиандарының Шоқыну мерекесіне орай жаппай суға шомылуға тыйым салынды. Өткен бәр тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 972 адамнан анықталды.

Автор
Данияр