НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтаннан 20 минуттық жерде орналасқан Жібек Жолы елді мекеніндегі демалыс орталығынан өрт шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгер.
"10 маусымда сағат 15.41-де Жібек Жолы елді мекеніндегі Аstana Resort демалыс аймағында асханадан өрт шықты. Өрт әлі сөндірілмеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Қазіргі таңда өрттің аумағы мен себебі анықталып жатыр.