"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Нұр Отан" дегенді "Нұрсұлтан" деп оқыған директор жұртты күлдірді (видео)

"Нұр Отан" дегенді "Нұрсұлтан" деп оқыған директор жұртты күлдірді (видео)

10 қаңтарда елімізде өткен Парламент мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты жүргізілген Exit Poll-дың нәтижесін оқыған "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова қазақстандықтардың күлкісіне қалды. Өз сөзінде ол "Nur Otan" партиясының атауын жаңылысып, "Нұрсұлтан" партиясы деген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желі қолданушылары Exit Poll зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитованың бұл сөзін қызу талқылауда. "Nur Otan" партиясының атауынан жаңылысқан ол халықты күлкіге қарық қылды.

Айта кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының негізін қалаушы және оның басшысы. Партия Елбасының бастамасымен 1999 жылы құрылған.

Еске салайық, "Қоғамдық пікір" ұйымының сауалнамасының нәтижелерін сүйенсек, "Nur Otan" (71,97%), "Ақ жол" (10,18%) және "Қазақстанның Халық партиясы" (9,03) Парламент мәжілісіне жолдама алған. Мәжіліске өту үшін сайлауда 7% шектік көрсеткіштен жоғары дауыс жинау қажет.

Автор
Айбар