Lifestyle

Нүкте,кесінді,Ұзындықты өлшеу 1 сынып

Нүкте,кесінді,Ұзындықты өлшеу 1 сынып

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып


Бекітемін:-------------
Күні: ---------------- Пән мұғалімі: --------------------
Сабақтың тақырыбы: Нүкте. Кесінді. Ұзындықты өлшеу
Сабақтың мақсаты:
Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін және шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіріп, өздігінен жұмыс жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.Cабақтың міндеттері:- Логикалық тапсырмалар арқылы жеке зейінін дамыту және қалыптастыру.- Назар аудару ,елестету,есте сақтау, сұрыптау.- Ойша тұжырымдама жасау.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, ойын, тест, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,оқулық, қима қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
сызықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- сызықтарды маркерлік тақтаға салғызу.
Практикалық жұмыс: жіппен
Түзу сызық – қисық сызық – тұйықталған – тұйықталмаған
ә) Түзу жіптің екі жағынан қайшымен қиып алу
- Мен не істедім? (қайшымен кесіп алдым)
- Қиып алған бөліктің аты – КЕСІНДІ. Ендеше бүгін сабақ үстінде немен танысамыз?
- Дұрыс, бүгінгі сабақта біз Геометрия елінің жаңа тұрғындарымен танысамыз, олар – КЕСІНДІЛЕР және НҮКТЕЛЕР..Салыстыру:сызық - кесінді.
- Жіп арқылы сызықтарды көрсеткенде, жіпті не істеуге болады? (созуға)
- Ендеше, сызықтардың шеті бар ма? (жоқ)
- Ал жіптен кесіп алған кесіндіні созуға бола ма? (жоқ)
- Неге? (себебі, оның екі жағынан қиылған)
- Ендеше, кесіндінің несі бар?(басы мен ұшы бар)
Қорытынды:сызықтың шеті жоқ, кесіндінің екі шеті бар.

Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Дәптерлеріне 2 кесінді сызып,оны өлшеу.
2-тапсырма
Дәптерлеріне 4 см болатын кесінді сызу
ІҮ. Сабақты қорыту
Ү. Үйге тапсырма:
Түрлі-түсті қарындашты пайдаланып, 3 кесінді сызып ,өлшеп келу.

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz