KZNews.kz
Әлем

Толассыз нөсерден үй опырылып құлап, анасы мен алты баласы мерт болды

Дархан Тоқан
Ауғанстанның Жалалабад қаласында жерлеу шеруі кезінде үй опырылып қаза тапқан адамдардың мәйіттері маңына туыстары жиналған сәтте қайғы жұтқан ер адам көз жасына ерік берді. (AP фото/Wahidullah Kakar)

Шығыс Ауғанстандағы Нангархар провинциясында нөсер жауыннан зақымданған тұрғын үй түн ішінде опырылып құлап, анасы мен алты баласы қаза тапты. Қайғылы оқиға Джалалабад қаласында болған, деп хабарлайды Kznews.kz.

Жергілікті полицияның баспасөз хатшысы Саид Тайеб Хаммадтың мәліметінше, дүйсенбі кешінен сәрсенбі таңына дейін толассыз жауған жаңбыр отбасының баспанасын әлсіреткен. Салдарынан үй бір сәтте құлап, іште ұйықтап жатқан адамдар үйінді астында қалған.

Оқиға кезінде балалардың әкесі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Үйінді астынан анасы мен оның 6 баласы табылды. 4 пен 15 жас аралығындағы алты баланың үшеуі ұл, үшеуі қыз еді.

«Кенеттен қатты дыбыс естілді. Жүгіріп келсек, ағамыз үйінді астында қалып қойыпты», — деді Рахматулла есімді туысы. 

Билік өкілдерінің айтуынша, соңғы күндері елдің бірқатар өңірінде ауа райының күрт құбылуы салдарынан қаза болғандар саны артып, ондаған адамға жеткен.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →