KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Немересін мойындамай ма?» – Қайрат Нұртастың отбасына жұрт ауыр сын айтты

Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, Қайрат Нұртас гастрольдік сапарда жүр. Ал оның анасы түрлі мерекелік іс-шараларда бой көрсетіп жүргені байқалған. Бұл жағдай көпшіліктің наразылығын тудырды.

«Сіздің немереңіз дүниеге келді, қуанышыңызды көрмедік», «Келініңізбен араз болсаңыз да, перзент – Алланың сыйы, соған да қуанбайсыздар ма?», «Немереңізді мойындамайсыз ба?» – деген сыни пікірлер қалдырғандар болды.

Сонымен қатар, көптеген оқырман тек құттықтау сөздерін жазып, жас анаға және отбасына игі тілектерін жеткізді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →