Білім

Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?


Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

Автор: Айдынгалиева Акмарал Рыскалиевна

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-04

Материал туралы қысқаша түсінік

тарих пәнінің мұғалімі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері Мектеп: Егіндібұлақ ЖОББМБК
Күні: 01.02.2019 Мұғалімнің аты-жөні: Айдынгалиева А.Р
Сынып: 8Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбыНеліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)7.1.1.3 - еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;7.2.1.2 - миссионерліктің міндеттерін анықтау;7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;7.4.1.4 - «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру
Сабақ мақсаттарыҚытай мемлекетінің Англия империясының отарлау саясатына жүргізген апиын соғыстарының маңыздылығын анықтау.
Бағалау критерийлері
  • Мәтінді қолданып концептуалды сұраққа жұппен жауап береді;
  • Терминдерді қолданып, Қытай елінде орын алған тауар – ақша қатынастарының дамуын сипаттайды;
  • Екі апиын соғысын Венн диаграммасында салыстырады;
  • Уақыт сызығында 1793 жылдан 1900 жылға дейінгі аралықтағы Қытай елінің басты оқиғаларын белгілейді;
  • Тарихи концепт Маңыздылық
    Тілдік мақсаттарПәнге қатысты лексика мен терминология Министрлер, көкнәр, апиын , тәуелділік, контрабанда, дін таратушылар, варварлар, тайпиндер, сыртқы сауда келісімшарт бойынша құрылған порттарДиалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер Мен императорға ... кеңес берер едім Екінші апиын соғысы британдықтар мен француздықтардың кесірінен болды/болмады, себебі ...Императордың ескі жазғы сарайды қасақана өртеу дұрыс/дұрыс емес, себебі ...Ескі жазғы сарайдың мүлкін қайтару/қайтармау керек еді, себебі ...
    Құндылықтарды дарыту - патриотизм;- өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;
    Пәнаралық байланыстарГеография (Англия, Қытай мемлекеттері тақырыптары бойынша)
    АКТ қолдану дағдылары Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.
    Бастапқы білім Оқушылар Үндістан мен Қытайдың Ұлыбританиямен - алғашқы индустриялық елмен - қарым-қатынастарын алдыңғы бөлімдердегі және география пәнінде қарастырған білімдерін қолдана алады.
    Сабақ барысы
    Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекетРесурстар
    Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі (БЫМ) Берілген суреттер топтамасының негізінде төмендегі сұрақтар төңірегінде талқылау ұйымдастырып, сабақ тақырыбын анықтайды.
  • Мен не көріп тұрмын?
  • Мен қандай қорытынды жасаймын?
  • Тақырып туралы менде қандай сұрақ туындауы мүмкін?
  • Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.
    Презентация
    Сабақтың ортасы Ж. №1 тапсырма Мәтінмен жұмыс
  • Неліктен британдықтар шәй және басқа да белігілі қытай азық-түліктерін күміске емес, апиынға айырбастауды шешті?
  • Неліктен апиын Британияның қол астындағы Үндістанда өндірілді және өңделді?
  • Дескрипторлар:
  • Британдықтардың қытай азық-түліктерін күміске емес, апиынға айырбастау себептерін анықтайды;
  • Апиынның Англия отары Үндістанда өндірілу себебін түсіндіреді;
  • Ж. №2 тапсырма Терминмен жұмыс«экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, Қытай елінде орын алған тауар – ақша қатынастарының дамуын сипаттандар.Дескрипторлар:
  • Терминдерді қолданып, Қытай елінде орын алған тауар – ақша қатынастарының дамуын сипаттайды;
  • Т. №3 тапсырма. Екі апиын соғысын Венн диаграммасында салыстырыңдар.Салыстыру критерийлері:
  • себептері;
  • қатысушылары;
  • нәтижесі
  • Дескрипторлар:
  • Екі апиын соғысының себептерін, қатысушыларын, нәтижесін Венн диаграммасында салыстырады;
  • ПрезентацияҚосымша 1

    Қосымша 3

    Сабақтың соңыРефлексия: «Борт журналы»Презентация

    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

    Ұқсас материалдар

    Барлығы
    KZNews.kz