Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Неке сақинасын ұнатпай жігітін қорлаған қыз жазасын алды

Неке сақинасын ұнатпай жігітін қорлаған қыз жазасын алды

Жігіті сыйламақ болған неке сақинасын тауып алған қыз оның суретін Фейсбуктің жабық тобына салып, қолданушыларды ұсқынсыз жүзікті талқылауға шақырды.

Қызқа сақина мүлдем ұнамаған. Сондықтан ол жабық топтағы достарына сақинаны "мазақ" қылуға шақырды. 

Ал виртуалды достары қызға тап беріп, ақыры ол қарша бораған сынның астында қалды. Посттың көшірмесі Reddit порталына жарияланды. Жабық топтың мүшесі сақинаның суретін салып, оны жігітінің шкафынан кездейсоқ тауып алғанын айтқан. 

"Әсер ала аламадым. Мазақ қылыңдар. Және оған әдепті түрде басқа сақина сатып алу керектігін қалай жеткізуге болады? Ақыл-кеңес беріңіздер", — деп жазды ол. 

Бірақ ақыл-кеңестің орнына қаһарлы сөздер қарша борады. 

" Сұмдық пост. Сондай-ақ мына сақина менің сақинама ұқсайды, ренжігенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын", — деп жазды бір келіншек. 

"Керемет сақина! Түсінсем бұйырмасын, қай жері ұсқынсыз?" — деп таң қалды бір адам.  

"Бұл сақина саған арналмаған болып шықсын деп тілейміз", — деп жазды тағы бір қолданушы. 

Әлеуметтік желінің көптеген қолданушылары қыздың өрескел қылығын сөгіп, оның мәдениетсіздігіне таң қалды. 

Автор
Мадияр