"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Не деген тәкаппарлық»: Димашқа дауыс көтерген Роза Рымбаева сынға қалды (ВИДЕО)

«Не деген тәкаппарлық»: Димашқа дауыс көтерген Роза Рымбаева сынға қалды (ВИДЕО)

Қос әншінің видеосы желіде тарап кетті

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі әріптесі Димаш Құдайбергенге дауыс көтеремін деп сынға қалды, деп хабарлайды Kznews.kz

Видео сахна сыртында түсірілген.

«Сізбен сахнаға шығуымның өзі мәртебе ғой. Аман болыңыз», - деп Димаш Роза Рымбаға қарайды.

Өз кезегінде Роза Рымбаева Димаштың бұл сөзіне кейістік білдіріп, «қойшы» деп жауап қайтарады.

Роза Рымбаеваның бұл сөзі желі қолданушылары тарапынан қатаң сынға ұшырады.

«Розаның іш тарлығы ма? Ұят болды», «Қойшы» деп өте шыққанша, бірауыз жылы сөз айтқаны мұндай әншіге тіптен жарасар еді…», «Роза апай Димашқа ренжулі ме?», «Бибігүл – аңыз апамыз, Димашқа тұрып амандасады, ал Рымбаева тіпті қарап сәлемін алуға жарамады!», «Не деген тәкаппарлық», - деп жазды желі қолданушылары.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.