Әлеуметтік желіде астаналық дәрігердің қабылдауында болған ерекше жағдай қызу талқылануда, деп хабарлайды kznews.kz.
Дәрігердің айтуынша, шамамен 20 жастағы қазақ жігіті қабылдауға келіп, әдеттегі тексеру сұхбаты барысында бірден назар аудартқан. Сырт келбеті өзгеше болған: бетінде жеңіл макияж, қасы мен кірпігі түзетілген, өзін ұстауы да ерекше сипатта болған.
Науқас әңгіме барысында дәрігерді әлеуметтік желі арқылы бұрыннан бақылап жүргенін айтып, оның кәсіби біліктілігіне сенетінін жеткізген.
Кейін ол өзінің гормондық терапия қабылдап жүргенін, яғни тестостеронды тежейтін препараттар мен әйел гормондарын қолданатынын айтқан. Соның салдарынан кеуде тұсында өзгерістер пайда болып, ауырсыну сезімі бар екенін жеткізіп, тексеріп беруді сұраған.
Дәрігер қажетті тексеру жүргізіп, тиісті ем-дом тағайындаған. Алайда науқас мұнымен шектелмей, қосымша сұрақ қойып, аталық бездерін алып, жынысын өзгерту туралы ойы бар екенін айтқан. Ол жынысын өзгерту мақсатында хирургиялық ота жасатқысы келетінін жеткізді
Бұл жағдай қоғамда түрлі пікір тудырып, гендерлік сәйкестік, медицина және этика мәселелерін қайтадан талқылауға себеп болды.
«Мен аталық бездерді алып тастау операциясын тек бір жағдайда ғана жасаймын — егер онда қатерлі ісік анықталса. Білесіз бе, мұндай ісік көбіне жас жігіттерде кездеседі және өте агрессивті болады. Көп жағдайда операция дер кезінде жасалмаса, адам өміріне қауіп төнеді. Мен ондай жағдайларды талай рет көрдім», — дедім. Ол ойланып қалды… “Денеңіз сау болсын, қабылдау ақысын кассаға төлейсіз”, — деп шығарып салдым.