KZNEWS.KZ
Спорт

Назым Қызайбай әлемдік рейтингте жоғарылап, тарихи нәтижеге жетті

• Қайсар Қанат
Нұрғали Жұмағазы, Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Суретте: Назым Қызайбай

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, белгілі боксшы Назым Қызайбай BoxRec порталының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан жасалған әлемдік рейтингте (P4P) үздік ондықтың қатарына кірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшы 7-орынға тұрақтап, ТОП-10 тізіміндегі Қазақстаннан енген жалғыз спортшы атанды.

BoxRec нұсқасы бойынша әйелдер арасындағы ТОП-10 рейтинг:

  1. У Ю (Қытай)
  2. Келли Харрингтон (Ирландия)
  3. Пан Чхоль Ми (КХДР)
  4. Таммара Тибо (Канада)
  5. Бусе Чакыроглу (Түркия)
  6. Нуне Асатрян (Ресей)
  7. Назым Қызайбай (Қазақстан)
  8. Ифе Мари О’Рурк (Ирландия)
  9. Анастасия Шамонова (Ресей)
  10. Ниту Гангас (Үндістан)

Қызайбайдан бөлек, әлемдегі ең мықты 50 әуесқой боксшының тізіміне тағы төрт қазақстандық спортшы енді:

Назым Қызайбай – Қазақстан бокс тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. Ол 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық (ерлер мен әйелдер арасында) болды. 

Сонымен қатар спортшының қоржынында 2021 жылғы Азия чемпионатының алтыны мен 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдесі бар.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →