Қоғам

Назаровтың анасына арнаған құттықтауы Мәжіліс регламентін қайта қарауға түрткі болды

Назаровтың анасына арнаған құттықтауы Мәжіліс регламентін қайта қарауға түрткі болды
Фото: Ардақ Назаров инстаграм парақшасынан

Депутаттың парламент мінберінен жасаған қадамы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, әртүрлі пікірге себеп болды. Бірі бұл әрекетті «адамгершіліктің белгісі» деп бағаласа, енді бірі «парламенттің жұмыс тәртібіне сай келмейді» деп сынға алды.

Ulysmedia.kz-тің мәліметінше, Мәжіліс аппараты депутаттың бұл әрекетін регламентке қайшы болмаса да, «орынсыз» деп бағалаған. Себебі парламент мінбері ресми депутаттық сауалдар мен заңнамалық бастамаларды айтуға арналған. Дәл осындай жағдайлар болашақта қайталанбауы үшін Мәжілісте жұмыс регламентіне өзгеріс енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Яғни алдағы уақытта депутаттар мінберді жеке құттықтау немесе мерекелік тілектер үшін пайдалана алмайды. Бұл – ресми тәртіпті сақтап, заң шығарушы органның жұмысын формалды арнада ұстау үшін жасалып отырған қадам.

Осылайша, бір ғана депутаттың эмоцияға берілген сәттік әрекеті парламенттің ішкі тәртібіне түзету енгізуге түрткі болды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz