Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 67,78 млрд долларға жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды: тұңғыш президенттің жағдайы қалай?

Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды: тұңғыш президенттің жағдайы қалай?
t.me/stankznews

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне жасалған операциядан кейін өзін жақсы сезініп жатыр. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін белгілі кардиохирург Юрий Пя экс-президентке жүрекке операция жасалғанын айтқан болатын. Оның сөзінше, операция шұғыл жағдайда емес, жоспарлы түрде жүргізілген. Дәрігерлер бұл отаны өткен жылы жасауды жоспарлағанымен, тұңғыш президенттің жұмыс кестесіне байланысты кейінге шегерілген.

Кардиохирургтің айтуынша, операция шамамен екі жарым сағатқа созылып, сәтті аяқталған. Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.

Дәрігерлер оңалу процесі жоспарға сай жалғасса, алдағы күндері оны медициналық орталықтан шығару жоспарланып отырғанын айтты.

– Жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауында, – деді Айдос Үкібай.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.