Жаңалықтар

Назарбаевтың немересі адамзатқа рухани тәлімгер болуды шешті

Ayzhan Sylanova Ayzhan Sylanova
Назарбаевтың немересі адамзатқа рухани тәлімгер болуды шешті
Фото: sparkofsouls.com

Назарбаевтың немересі дзен дәрежесіне жетіп, енді оны өзгелерге үйретпек, деп хабарлайды kznews.kz.

Нұрәлі Әлиев Spark of Light атты рухани жобасын іске қосты.

Жоба адамға "өз шынайы болмысымен байланыс орнатуға" және "әлемге пайда тигізуге" көмектеседі екен.

Бағдарламаның негізгі бағыты адамзатты 3D сана деңгейінен 5D санаға көтеру. Бұл үдерістің қалай жүзеге асатыны нақты түсіндірілмеген.

"Нұрәлінің жұмысы нақты миссияға негізделген. Мақсаты адамзаттың санасын жоғары деңгейде ұғыну, айқындық пен ішкі үйлесімге көтеруге көмектесу. Сонымен қатар адамдарға өз болмысының шынайы мәнімен қайта қауышуға, саналы өмір сүруге және әлемге маңызды ықпал етуге жәрдемдесу.

Адамзат қазір үлкен рухани өзгерістер кезеңінен өтіп жатыр. Осы уақытта оның басты мақсаты – адамдарға өз өмірлік мақсатын түсінуге, санасын кеңейтуге және жоғарырақ деңгейдегі сананы қабылдауға көмектесу. Ол үшін бағыт-бағдар беріп, пайдалы құралдар мен өзгеріске жетелейтін тәжірибелер ұсынылады. Бұл адамдарға өзгеріп жатқан әлемде өз жолын анық табуға, өмірдің мағынасын тереңірек түсінуге және ішкі үйлесімде, саналы әрі мақсатты өмір сүруге мүмкіндік береді", – делінген сипаттамада. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz