ка

Назарбаевтың немере інісі жаңа қызметке келді. Ол кім?

30.11.2020 16:49
0
7
Ербол Болатұлы Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаметі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл ақпаратты Yyedilov Telegram каналы таратты. Ашық дереккөздеріндегі мәліметтерге сүйенсек, Ербол Назарбаев — Елбасының туған інісі Болат Назарбаевтың баласы. Оның осы күнге дейін қандай қызметтерде болғаны туралы ақпарат жоқ. Қазақстан қаржы министрлігіне қарасты қаржылық есептілік депозитарийі сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Ербол Назарбаев —  «Алматы ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы үлескерлернің бірі. 1983 жылы дүниеге келген. Сондай-ақ, аталған сайтта Жанат Қанағатқызы Назарбаева туралы да мәлімет келтірілген. Алайда оның Елбасы әулетіне қатысы бар-жоғы белгісіз.  
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий