"Шетел агенті": депутат сырттан қаржыландыру тетігін қайта қарауды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевқа қатысты танымал видеоның "шындығы" ашылды (ВИДЕО)

Назарбаевқа қатысты танымал видеоның "шындығы" ашылды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың жағажайда жүгіріп бара жатқан видеосына пародия жасау тренді кең тарады. Алайда көпшілік бұл кадрлардың нақты қай жерде түсірілгенін біле бермейді, деп хабарлайды kznews.kz.

Блогер Февралев осы видеодағы орынды анықтауға тырысқан. Оның айтуынша, кадрлар Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы әйгілі Копакабана жағажайында түсірілген болуы мүмкін.

Блогер бұған дәлел ретінде видеода экс-президенттің арт жағынан көрінетін төбелер мен жағажай маңындағы ғимараттарды келтірген.

Желі қолданушылары бұл ақпаратқа әзілмен жауап берді. Бірі “енді қазақтар осы трендті түсіру үшін Бразилияға баратын болды” десе, енді бірі блогерге туристік нысанды жарнамалағаны үшін ақы алу керек деп қалжыңдады.

Кейбір қолданушылар видеоны бұрыннан көргенімен, оның Бразилияда түсірілгенін білмегенін жазды.

“Бұл видеоны талай рет көрдім. Бірақ Түркияда түсірілген шығар деп ойлап жүр едім. Сөйтсем, мүлде басқа жер екен”, – деп пікір білдірген желі қолданушыларының бірі.

Айта кетейік, Копакабана – Рио-де-Жанейроның ең танымал жағажайларының бірі. Ұзындығы шамамен 4 шақырымды құрайтын бұл орын әлемдегі ең белгілі туристік нысандардың қатарына кіреді.

Мұнда жыл сайын ірі мерекелік шаралар, концерттер мен көпшілік жиналатын мәдени іс-шаралар өтеді. Әсіресе Жаңа жыл мерекесінде жағажайға миллиондаған адам жиналатыны айтылады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер