“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаев Таяу Шығыстағы соғыс қаупі туралы айтты

Назарбаев Таяу Шығыстағы соғыс қаупі туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, Еуразиядағы ең жарылыс қаупі бар аймақ Таяу Шығыс саналады. Президенттің айтуынша, онда "үлкен соғыс қаупі" туындауы мүмкін деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков

Мемлекет басшысы аталмыш өңірдегі тұрақсыздық Сириядағы қақтығыстармен байланысты екенін айтуда.

"Алып Еуразияның кей бөліктерінде әскери текетірес болуы әбден мүмкін. Жарылыс қаупі ең жоғары аймақ Таяу Шығыс. Тұрақсыздық біздің қазір бақылап отырған Сириядағы қақтығыстармен, Ирактағы саяси шиеленістермен, Ливиядағы азаматтық соғыспен, Араб елдеріндегі ішкі текетірестердің салдарынан туындауда. Осының барлығы әзер қол жеткізген Иранмен ядролық келісімнің күйреуіне алып келуі мүмкін", - деді Назарбаев.

Президент аталмыш келісімді жасауға Қазақстанның да атсалысқанын және ядролық қарудың қауіпсіздікті сақтау панацеясы емес екенін көрсетуде үлгі көрсеткенін еске салды.

Елбасы келер жылы шешімін таппаған мәселелердің одан сайын шиеленісуі салдарынан, Таяу Шығыста "үлкен соғыс қаупі" туындауы мүмкін екенін айтты.

Автор
Арман