Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаев "Nur Otan" партиясынан сайлауға түсетін кандидаттың есімін атады

Назарбаев "Nur Otan" партиясынан сайлауға түсетін кандидаттың есімін атады

23 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында басталған Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезіне Қазақстанның Тұңғыш президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді.

«Дағдарыс заманынанда елімізді тұрғыздық. Елде , әлемде лайық өмір сүруге болатынын дәлелдедік. (...) 30-ға жуық жыл бойы халық маған сенді. Қандай қиын кезең болмасын, халқым менің соңымнан ерді. Сол үшін еліме ризамын, алғысым шексіз. Елдің бұрынғы басшысы ретінде мені елімнің болашаға уайымдатады», - деп бастады сөзін

Сондай-ақ, Назарабев өз сөзінде Қазақстанның бәсекеге қабілетті 60 елдің қатарына кіргенін және елдегі кедейлік деңгейі 10% төмендегенін айта кетті. Қазақстанның тұңғыш президенті Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысын одан әрі жалғастыратынын, қызметін белсенді түрде жүргізетінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының атынана қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып, оған сенетінін жеткізді.

stan.kz

Автор
Санжар

Журналист