Әлеуметтік желілерде «Нұрсұлтан Назарбаев Дубайда қиын жағдайда қалған қазақстандықтарды өз резиденциясында паналатуға дайын» деген ақпарат кеңінен тарап, қызу пікірталас тудырды, деп жазады kznews.kz.
Threads платформасында Traveldatkz атауымен тіркелген парақшада: «Шұғыл! Нұрсұлтан Назарбаев Дубайдан шыға алмай, далада қалған қазақстандықтарды өзінің резиденциясында паналатуға дайын!» деген мазмұндағы жазба жарияланған.
Алайда аталған ақпаратқа жұрт сенім білдіруден гөрі, күмәнмен қарауда. Пікір қалдырған қолданушылардың бірі «Мынау рас болса, керемет қой» десе, енді бірі «Мүмкін емес, ол Астанада ауызашарда жүрген» деп жазған.
Сондай-ақ «Егер шын болса, адамгершілігіне разы болар едік», «Резиденциясының әжетханасына да кіргізбес» деген сарындағы пікірлер де жарияланған.
Желі қолданушылары қандай жағдай болмасын, Дубайдан кете алмай отырған отандастарға сәттілік тілеп, тезірек елге оралуына ниет білдірген.
Қазіргі уақытта бұл ақпаратқа қатысты ресми растау немесе түсініктеме жарияланған жоқ.