Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда Nauryz Sale республикалық акциясы өтеді. 13-23 наурыз аралығында көптеген дүкендер мен сауда орталықтарында тауарларға 10%-дан 70%-ға дейін жеңілдік жасалады, деп хабарлайды kznews.kz.
Акция аясында тұрғындар азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техника және күнделікті қажет тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады. Жалпы шараға еліміз бойынша 300-ге жуық дүкен мен сауда нысаны қатысады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жеңілдіктер ірі сауда желілерінде және танымал сауда ойын-сауық орталықтарында қолжетімді болады.
Астана қаласында акция өтетін орындар:
Small, Фермаг, Анвар, Galmart, Magnum (Тұран 55Б), Greenwich, Гастроном, MEGA Silk Way, Astana Mall, Азия парк, Хан Шатыр, Аружан, Сарыарқа, Koktal.
Алматы қаласында:
Magnum (Радостовца 292), Small, Анвар, A-Stop, Беккер и К, Galmart, Metro, Столичный, Юбилейный, Asia Park, Grand Park, Globus, Moskva, Mart, Mart Village, Forum, Mega Park, Sputnik Mall, Mega Alma-Ata, Aport East, Dostyk Plaza.
Сонымен қатар акция Қазақстанның басқа да қалаларындағы ірі сауда орталықтарында өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңілдік күндері отандық өнімдерге арналған арнайы сауда аймақтары да ұйымдастырылады.