Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Науқас дәрігерге оқ атып, артынан өзіне қол жұмсаған

Науқас дәрігерге оқ атып, артынан өзіне қол жұмсаған

Санкт-Петербург клиникасында соз ауруынан емделіп жатқан 58 жастағы өзбекстандық дәрігерді тапаншамен жаралап, сосын өзін атқан.

 Жаралы дәрігер де өзбекстандық азамат болған. Санкт-Петербургтегі "Инсам" шығыс медицинасы орталығынан ем алып жүрген адам тапаншамен дәрігерді үш рет жаралап, сосын өзіне оқ атқан. РФ тергеу комитетінің хабарлауынша, оқиға 25 желтоқсанда болған. Инемен ем алуға келген 58 жастағы ер адам дәрігердің тұжырымын тыңдаудан бас тартып, оқ ата бастаған.

"Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Санкт-Петербург бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметінің басшысы Сергей Капитонов.

Белгілі болғандай, емделген адам және емдеген дәрігердің аты-жөндері Сергей болған. Екеуі де Өзбекстан азаматтары. "Инсам" орталығында негізінен корей дәрігерлері жұмыс істейтін болғандықтан, тергеушілер нәсілдік уәж болуы мүмкін деген болжамды да қарастырып жатыр.

Дереккөз: centralasian.org

Автор
Санжар