Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

NASA Марс желі жазылған аудионы жариялады

NASA Марс желі жазылған аудионы жариялады

АҚШ ғарыш агенттігінің (NASA) мамандары Марс планетасындағы желдің дыбысы жазылған таспаны жариялады. Жақында Марстың бетіне қонған InSight аппаратындағы сейсмограф желтоқсанның 1-і күні шағын тербелісті тіркеген. Оған жылдамдығы сағатына 16-24 километрге дейін жететін Марстағы жел себеп болған.

InSight аппараты жазып алған таспадағы дыбыс Жердегі желдің соққанына ұқсайды. Ғалымдар аудиожазбаны жердегі құрылғыларда тыңдауға болатындай етіп қайта өңдеген. Ғарыш аппараты тіркеген дыбыс төмен жиілікте жазылғандықтан оның жиілігін екі октаваға көтеруге тура келген.

NASA агенттігінің InSight аппараты Марс планетасының бетіне қарашаның 26-ы күні қонған. Ол Марс қабатында болып жатқан процестерді бақылайтын болады. Ғарыш агенттігінің бас директоры Джим Брайденстайн адамзат бұған дейін Марс желінің дыбысын ешқашан естіп көрмегенін айтады.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Санжар