Әл-Фарабидегі 3 адамның өліміне әкелген жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Нәрестені құлатып алды”: Туғанына бес күн болған сәби перзентханада көз жұмды

“Нәрестені құлатып алды”: Туғанына бес күн болған сәби перзентханада көз жұмды
Фото: Сергей Мальгавко/ТАСС

Алматы облысында туғаннан кейін бес күннен соң көз жұмған нәрестенің өлімі әлеуметтік желіде, соның ішінде Threads платформасында қызу талқыланып жатыр. Марқұм сәбидің туыстары қайғылы жағдайға медициналық қызметкерлердің салғырттығы себеп болды деп санайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы Бибінұрдың жазуынша, сәби дүниеге келу кезінде жарақат алған болуы мүмкін. Оның айтуынша, босану сәтінде әйелді медициналық зембілдің орнына мүгедектер арбасымен тасымалдаған, сол кезде нәрестеге зақым келуі ықтимал.

«Сол сәтте бала құлап кеткен. Кейін дәрігерлер ешқандай көмек көрсетпей, нәрестенің жағдайы жақсы деп анасына берген», – деп жазды ол.

Туыстарының айтуынша, келесі күні сәбидің жағдайы күрт нашарлап, емуден қалып, тыныс алуы қиындаған. Осыдан кейін нәресте басқа медициналық мекемеге жеткізіліп, шұғыл ота жасалған. Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмаған.

Жақындарының сөзінше, кейінгі тексеру барысында нәрестенің бастапқыда жарақатпен дүниеге келгені айтылған.

Туыстар перзентхана тарапынан жауапкершілік толық мойындалмай, кінә босанған анаға аударылуға тырысып жатыр деп есептейді. Олар бұл істі құзырлы органдардың толық әрі жан-жақты тексеруін талап етпек.

Бибінұрдың айтуынша, кейбір дәрігерлер жағдайға байланысты келіп, кешірім сұрап, өз кінәсін ішінара мойындағаны да айтылған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.