Әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекова Жаңа жыл қарсаңында ерекше стильдегі фотосессиясын жариялап, желіде қызу талқылауға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.
Алайда көпшіліктің назары мәтіннен гөрі фотосессиядағы образ бен символикаға ауды.
Бірі блогердің батыл стилін қолдап,
«Осы қызға қарап өмірге шабытың ашылады»,
«Біртүрлісің, бірақ соныңмен ұнайсың»,
«Әр суретің ойландырып жібереді», – деп жазды.
Сонымен қатар сын пікірлер де болды. Кейбір қолданушылар:
«Нанды неге аяқ астына қойып суретке түсті?»,
«Тым артық кетпеді ме?»,
«Бұл образдың мағынасы қандай?» – деп сауал қойды.
Тіпті ирония аралас пікірлер де кездесті: «Не шегеді екен? Мен де соны көргім келеді».
Осылайша Айжұлдыз Адайбекова өзіне тән стилімен тағы да қоғам назарын аударып, әлеуметтік желідегі қызу талқылаудың өзегіне айналды.