Каспийдегі love story: Маңғыстаулық жас жұбайлар референдумға катермен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нәмет Сүлейменов | өмірбаяны

Нәмет Сүлейменов |  өмірбаяны

Нәмет Сүлейменов (1922–1996) 

17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының, Бөген ауданындағы Жамбыл ауылында туған.

1941 жылы Түркістан педучилищесін бітіріп, соғыс жылдарында осы облыстың Арыс ауданында мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі және мектеп директоры, 1946 жылдан бастап «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газет редакциясының жауапты хатшысы, Ленгер қалалық газетінің редакторы, облыстық радио комитетінің бас редакторы, 1963–1965 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Оңтүстік Қазақстан өлкелік бөлімшесінің жауапты хатшысы болған.

Шығармалары: Жолда. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1963; Тамызық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Қазығұрт. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Жомарт жаз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Жер жәннаты. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982; Сағымдағы сәулелер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1984.

Автор
Санжар