Әншінің бұл кешіне отандық шоу-бизнес өкілдерінен көп адам қатыспады .
Хитменнің әріптестерінен тек Серікбол Сайлаубек, Айдана Меденова және "Alar" тобы ғана өнер көрсетті.
Қайрат Нұртас дуэт ретінде шыққан әндерін фонограммамен, ал жалғыз орындалған әндерінің барлығын жанды дауысты айтып шықты.
Сондай-ақ, Қайрат Нұртастың "Нағыз еркек" атты кешінде отбасындағы ер адамдар ғана өнер көрсетті.
Қайраттың әкесі сахнада ұлына: "Менің шешем сенің шешең сияқты тірі болғанда, сені жыртатын едім", - деп әзілдеді. Көпшілікті ду күлдірген бұл әзілден соң Нұртас Айдарбеков концертке жиналғандарға екі ән орындап берді.
Сонымен қатар, Қайрат інісі Заңғар ағасымен қосылып "Сердце мое бум" және " My Universe"әндерін шырқады.
Ал Қайрат Нұртастың үлкен ұлы Нарұл ән айтып, кенжесі Хан билеп берді.
Айта кететіні, Қайрат Нұртас бұл жолғы концертіне бір күн дайындалған.