KZNews.kz
Шоу-бизнес

Мысырда "ашық" киінді деп айыпталған әртіс бес жылға сотталуы мүмкін - Ел жаңалықтары

Мадияр

Мысырлық әртіс Рания Юссефті Каир кинофестиваліне жартылай ашық көйлек киіп келгені үшін айып тағылды, - деп хабарлайды BBC.

Басылым мәліметінше, ашық көйлек киіп келген Юссефке мысырлық азаматтар ашуға булыққан, алайда "әйел адам не киемін десе де өзі біледі" - деушілер де табылды. 

Елдегі жұлдыздарға шағым түсірумен танылған Амро Абдельсалам және Самир Сабри есімді адвокаттар әртістің атына арыз түсріген. Саридың айтуынша, "Юссефтың киімі "қоғамдық құндылықтар, дәстүр мен моральға сәйкес" келмейді екен, сондай-ақ "фестивальдың және Мысыр әйелдерінің абыройына нұқсан келтіреді" екен. 

Мадияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →