Алматы полиция департаменті екі күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. "2020 жылдың 14 қарашасында Панфилов кентінің 23 жастағы тұрғыны Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне ауылдарындағы біреулер қаңғыбас иттер мен мысықтарды мазақ етіп, оларды азаптап өлтіргені туралы арызданған. Бір тәулік ішінде Талғар АІІБ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Серікұлы екі ағайынды, 29 жастағы және 37 жастағы жергілікті тұрғындарды анықтап, ұстады. Олар кемінде 10 мысық пен итті азаптаған. Екі ағайынды психоневрологиялық мекемеде есепте тұр", - деп түсіндірді полиция басқармасындағылар. Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігі "жануарларға адамдар тобымен жасалған қатыгездік" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Облыстық ПД мәліметінше, қазіргі уақытта оларды арнайы психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі қарастырылуда.Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Сотталып кете жаздадым”: “Қойшы бала” қандай қиындыққа тап болғанын ашып айтты
Бүгін, 09:17