ка

"Мысалы, Абай, Қызылжар облысы деп". Саясаткер үш облыстың атауы өзгеретінін болжады

08.01.2021 12:52
0
3
Саясаткер Ғазиз Әбішев президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына пікір білдіре отырып, алдағы уақытта Қазақстанда үш облыстың атауы өзгеруі мүмкін екенін болжады. Бұл туралы ол Telegram-каналында жазды. Еске сала кетсек, Egemen Qazaqstan газетінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 90 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат атты мақаласы жарияланды. "Қазақстан — біртұтас мемлекет. Еліміз оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс деп бөлінбейді. Бұл — тек бағытты білдіретін шартты атаулар. 2018 жылы Елбасының Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілді. Тарихи әділдікті қалпына келтірген орынды шешімді халық бірауыздан қолдап, өте жылы қабылдады. Өйткені, мұндағы шежірелі шаһар ғана емес, тұтас өңір көне замандардан бері Түркістан деп аталған. Осы игі үрдісті еліміз бойынша жалғастыруға болады. Біз мұндай қадамдарды байыппен жасаймыз", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында. Әбішев Мемлекет басшысының мақаласына пікір білдіре отырып, "Президент Тоқаев Қазақстанның географиялық принципі — «Еліміз оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс деп бөлінбейді» деп Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан етіп өзгертілуін мысалға ала отырып, әлбетте, бірінші кезекте Петропавлды көздеді». "Алдымен БҚО және ШҚО-ның атауы Орал облысы және Абай облысы болып өзгертіледі. Осыдан кейін Солтүстік Қазақстан облысының атауын Қызылжар облысы деп өзгерту қисынға келеді және бұл топонимикалық қайта құрудың саяси-стратегиялық мақсатын жүзеге асырады. Ал бірнеше жыл салып қалалық актив берілгеннен кейін облыс орталығының атауын өңірдің атауына сәйкес келтіру жақсы болар еді", — деп есептейді саясаттанушы.
#Алматы облысы #Қасым-Жомарт Тоқаев #облысы #Түркістан облысы #Жамбыл облысы #Атырау облысы #қазақ жері #қасым-жомарт тоқаевтың қазақстан халқына жолдауы #қасым-жомарт тоқаевтың үндеуі #қазақ жерінің ресей империясына қосылуы #қазақ жерінде салынған бекіністер #қазақ жерін зерттеген ғалымдар #қазақ жері диктант #қазақ жерінен табылған археологиялық ескерткіштер #қазақ жерінің шығысындағы табиғи ауданы #қазақ жеріндегі алғашқы мектептер #қазақ жері диктант 4 сынып #қазақ жері эссе #қазақстан облыстары #қазақстан облыстары тізімі #қазақстан облыстары картасы #қазақстан облыстары орталықтары #қазақстан облыстарының халық саны #қазақстан облыстары жер көлемі #қазақстан облыстары қанша #қазақстан облыстарының халық тығыздығы #қазақстан облыстарының ауданы #облысы казахстана #облысымыздың тарихи географиялық орналасуы #облысы әкімінің ресми сайты #облысы перевод #аныкталу облысы #тәуелсіздік бәрінен қымбат #тәуелсіздік бәрінен қымбат мақаласы #тәуелсіздік бәрінен қымбат тоқаев #тәуелсіздік бәрінен қымбат сурет #тәуелсіздік бәрінен қымбат эссе #қасым-жомарт тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий