Қазақстан атынан сынға түскен бойжеткен сахнаға дәстүрлі қазақ киімінен шабыт алған жасыл түсті образбен шыққан. Алайда оның пішіні көрермендер арасында түрлі реакция тудырды: дәстүрлі көйлек орнына боди түріндегі киім, арт жағында ұзын етек бекітілген.
Көпшілік бұл шешімді заманауи әрі батыл деп бағаласа, енді бір бөлігі оны қазақ мәдениетіне құрметсіздік деп қабылдады.
Пікірлер бөлімінде пікір екіге жарылды:
«Мынау қазақтың ұлттық киімі емес!»,
«Дизайнер еліміздің атынан шығатын қатысушыға мұндай ашық киім таңдамауы керек еді»,
«Қазақ қызы бұлай сахнаға шығуға тиіс емес» деген сындар жиі айтылды.
Ал кейбір қолданушылар керісінше, қыздың бейнесін ұлттық киімге заманауи дем беруге талпыныс деп қорғап шықты.
Айта кетейік, Miss Grand International — әлемдік деңгейдегі сұлулық байқауы, онда қатысушылар тек сыртқы сұлулығымен емес, ұлттық мәдениетті көрсетуімен де бағаланады. Сондықтан ұлттық образдың әрбір деталі қоғам назарында болды.