«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тәрбие сағаты
20.01.2019
13:26
0
2

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тәрбие сағаты
Автор: Молдашева Айгуль Ануарбековна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-19
Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып оқушыларына арналған
Молдашева Айгуль Ануарбековна № 20 ЖОББМ Орал қаласы Сабақтың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру. Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс Көрнекілігі: доп, секіртпе, шар, теннис ойынының таяғы, слайд Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Ал келіңдер, келіңдер,Біріңе - бірің еріңдерБіліміңді тексеріп,Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, ««Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз. Екі топқа бөлу. Білмеймін деп қысылма,Талабың болса бойыңда.Өнерлінің ырысыЖарқырап жатыр бойында – дей келе, топтарымызды ортаға шақырайық.Топтарымызды таныстырып өтейік.І топ «Алғырлар» , ІІ топ «Тапқырлар»Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау.1топ «Алғырлар»Ұраны: Жарыс десе жанамыз,Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймызАлғырлық пен тапқырлықты ұштаймызҚияларға самғап ұшқан құстаймызШегінбейміз жеңістерге бастаймыз2 - топ. «Тапқырлар»Ұраны:Білікті бірді жығады,Білімді мыңды жығады.Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,Көрсетеміз бізде қандай күш барын,Алға қойған мақсатымыз бір екен.Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.2 топ жарыса отырып сұрақтарға жауап береді. Межеге бірінші жеткен оқушы бірінші болып сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаған жарысқа қатысушының қарсы тобындағы қатысушы жауап бере алады.
- Екі топтан бір-бірден оқушы шығады. Олар отырып жүріп жарысады.
- Екі топтан бір-бірден оқушы шығады. Олар оң аяқтарымен секіріп жарысады.
- Секіртпемен секіру.
- Теннис добымен жүгіру. Допты түсіріп алмау керек.
- Допты таяқпен соғу арқылы апару.
- Матраста баспен айналу арқылы жарысу.
- Көпір жасап жүріп жарысу.
- Шарды аяқтарына қыстырып жүру.
- Екі қатысушы тобындағы бір адамды межеге көтеріп апару арқылы жарысу.
- Әр топтан екі адам шарды арқаларымен түйістіріп апарады. Шарды межеге жеткеннен кейін жарып, ішіндегі сұраққа жауап береді.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ