Мал басының көбеюі жем-шөп пен жайылым мәселесін де күн тәртібіне шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мұхтар Жәкішевтің қызы Лондонда тұрмысқа шықты

Мұхтар Жәкішевтің қызы Лондонда тұрмысқа шықты
Фото: әлеуметтік желіден

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Лондонда тұрмыс құрды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алтынай Жәкішева Лондонда шетелдік азаматқа тұрмысқа шықты. Оның жұбайы – Карл Оби.

Жігіттің LinkedIn парақшасында көрсетілген мәліметке сәйкес, ол Манчестер университетін тәмамдап, инвестициялық салада жұмыс істейді. Ал Instagram парақшасы жабық.

Алтынай әлеуметтік желідегі парақшасында Лондонда өткен отбасылық рәсімнен фотосуреттер жариялаған. Кадрларда көп қонақ пен үлкен той дастарханы байқалмайды, сондықтан жұп некені тіркеу рәсімін жақындары арасында ғана өткізген болуы мүмкін.

Қалыңдық қарапайым, шілтерлі көйлек таңдаған. Ол сондай-ақ бургунд түсті калла гүлдерінен құралған ерекше гүл шоғын ұстаған. Мамандар мұндай түсті калла гүлдері сенім мен өзара түсіністікті білдіретінін айтады.

«9 мамыр, сенбі күні Лондондағы ратушада отбасымыздың қатысуымен некеміз ресми түрде тіркелді. Жаңбыр болады деп уәде берген еді, бірақ күні бойы күн ашық болды. Сол күні мен ресми түрде Mrs OJ атандым», – деп жазды ол Instagram-да.

Желі қолданушылары жас жұпқа жылы лебіздерін білдіріп, олардың жарасымды жұп екенін атап өткен.

«Қазатомпром» компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы ірі уран кенорындарындағы мемлекеттің үлесін сатып жіберді деп айыпталды. 2010 жылы сот шешімі оған ақша жымқырды және пара алды деген кінә тағып, 14 жылға сотталды. 2020 жылы 19 наурызда 11 жылдан кейін қатаң режимдегі колониядан босап шықты. Отбасында бес баласы бар, олардың есімдері «А» әрпінен басталады. 2023 жылы отбасында тағы бір қыз бала дүниеге келгені хабарланған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі