Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мұхтар Шаханов Алматыда жерленетін болды

Мұхтар Шаханов Алматыда жерленетін болды
Фото: instagram.com/aigerim.abzhan

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ертең, 21 сәуір күні Алматыда жерленетін болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист Бигелді Ғабдуллиннің мәліметінше, ақынмен қоштасу рәсімі таңғы сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында өтеді. Қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері мен ақын шығармашылығын құрметтейтін азаматтар қатыса алады.

Қоштасудан кейін, сағат 11:30-да жерлеу рәсімі өтеді. Жақындары Мұхтар Шахановты Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратына жерлемек. 

Бұған дейін ақынның жұбайы Ханшайым Шаханова президент Қасым-Жомарт Тоқаев атына хат жолдап, оны Арыстанбаб кесенесі аумағында жерлеуді сұраған еді.

Мұхтар Шаханов қазақ әдебиеті мен қоғамдық өмірінде айрықша орны бар тұлға. Ол Желтоқсан оқиғасының шындығын көтерген, мемлекеттік тіл мәселесінде белсенді ұстаным білдірген ақын ретінде халық жадында мәңгі қалды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.