2023 жылдың 20 қыркүйегінде Әсел Ногойбаеваның үйіне оның бұрынғы күйеуі Азамат Эстебесов келген. Ол кеңсе пышағымен әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған. Ауыр дене жарақатын алған әйел кейіннен бірнеше рет хирургиялық операцияға жүгінуге мәжбүр болды.
Әсел өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды:
«Бүгін менің қуаныштан көзіме жас келді. Дәрігерлер Қырғызстаннан сырға ала келуді сұраған, бірақ мен алмай келдім. Себебі сырға таға алмаймын, құлағымды шашпен жауып жүретін шығармын деп ойладым. Бірақ құлағым күткеннен де жақсы болып шықты».