KZNews.kz
Lifestyle

Мұратқызы Аяулым, тақпақ, өлең, жырлары

KZNEWS

Мақсат қой
Шіркін тала күнді мен,
Мақсатсыз қып өткіздім.
Орындалды арманмен,
Мақсат деген бір ұшқын.

Айға, жылға, күнге де,
Мақсат қойып өмір сүр.
Жетерсің сен белеске,
Нық, болса тек мақсатың.

Мақсат қойдым алдыма,
Үлкен баққа ұмтылдым.
Кішігірім мақсатпен,
Құрылды үлкен мақсатым.

Ұнар бәлкім ұнамас,
Бірі сынып жақтырмас.
Адамзатқа айтарым,
Мақсат қойшы артылмас.

Автор: Мұратқызы Аяулым
Атырау қаласы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы

KZNEWS
Автордың басқа материалдары